Алматыда терезеден секіріп көз жұмған қыз - қырғыз азаматшасы

0
500

Қожаевтың сөзінше, қыздың денсаулығында кінарат болған.


Алматыда терезеден секіріп көз жұмған қыз - қырғыз азаматшасы

ERNUR.KZ. ІІМ басшысының орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, Алматыда терезеден құлап кеткен қыз - Қырғызстан азаматы. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еске салсақ, кеше Алматыда жетінші қабаттағы терезеден шығып, би билеп, содан кейін төменге құлаған қыздың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.

Төтенше жағдай 26 маусым күні таңертең «Теремки» ТК-де болды. Куәгерлер қыздың жетінші қабаттағы терезеден шығып, би билеп, аяғын сермеп, төмен түсіп бара жатқанын видеоға түсіріп алған.

Полицияға оның өзін-өзі өлтіргені туралы хабарланды.