Алматыда үш адамды субұрқақта тоқ соқты

0
417

Бұл туралы қала тұрғыны Facebook-тегі парақшасында жазды.


Алматыда үш адамды субұрқақта тоқ соқты

Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда субұрқақта ойнап жүрген балалар мен оларды құтқармақ болған әйелді тоқ соқты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы қала тұрғыны Үкілай Бестай атты желі қолданушы Facebook-тегі парақшасында жазды.
Айтуынша, қарапайым фонтанның ішіне кірген адамдарды тоқ соғып, жақын маңдағы адамдар оларды аман алып қалған.
«Бүгін орталық цирк алдындағы фонтан жанында балмұздақ жеп, балалармен демалып отырғанбыз. Бір уақытта сол маңдағы кішкентай 2 қыз аяқ киімдерін шешіп, аяқтарын суға салмақшы болып отырғанын көрдім. Әп-сәтте байқамай қалдым, екі қыз ортадағы темірге қадалып қалды. Оларды шығарам деп анасы да сол темірге жабысып қалды. Дыбыстары да шықпай, серейіп қалғандарынан тоқ ұрғанын ұқтым», - деп жазды желі қолданушы.



Ол жанындағы адамдардан көмектесуді сұраған. Бірақ көбі жүрексініп, суға жақындамаған. Дегенмен Абылай есімді жас жігіт көмекке келіп, оны да тоқ соғып жатса да, мойымай адамдарды соңына дейін құтқарды.
Зардап шеккендер жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.
«Өзімнің жанымда кішкентай 5 бала бар еді. Қарбаласта Абылайдың толық аты-жөнін сұрамаппын. Мемлекет осындай өз өмірін қауіпке тіккен осы жігітті батырлығы үшін марапаттауы керек-ау. Бөлісіп, Абылайды тауып алайықшы»,- видео авторы әлеуметтік желіде Абылайға іздеу салады.