Алматыда жаңа электр подстанциясы іске қосылады

0
499

Олардың дені жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған, Бостандық ауданында орта есеппен 60%-ының тозығы жеткен.


Алматыда жаңа электр подстанциясы іске қосылады

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында, аудандағы тозған инженерлік желілерді ауыстыру және модернизациялау жұмыстары жалғасып жатқанын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, олардың дені жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған, Бостандық ауданында орта есеппен 60%-ының тозығы жеткен.

2022 жылы Ерғожин, Ганди, Ғабдуллин, Могилевский, Сәтбаев көшелеріндегі және «Орбита-4» шағынауданындағы 1,6 км жылу желілері реконструкцияланды.

«Электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабель желісін төсеу аяқталды. «Алмагүл» подстанциясына электр қуатын беру жұмыстары жүріп жатыр. Іске қосылуы маусым айына жоспарланған. Бұл аудандағы 200 мыңға жуық тұрғынды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етеді»,- деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін әкім Алматыда жарық неге жиі сөніп қалатынын түсіндірген болатын.