Бұл туралы LIDER.KZ еріктілеріне полициядан мәлімдеген.
Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz
ERNUR.KZ. Алматының волонтерлері таратқан бағыттамаға сәйкес, 2007 жылы туған Лағыл Бұланбаева мен 2002 жылы туған Айбек Базарбаев 2024 жылы 24 қыркүйекте жоғалып кеткен, деп жазады inbusiness.kz.
Сағат таңғы 6-да қыз бен жігіт Еңбекшіқазақ ауданы, Кировец ауылдық округіндегі 14-ші линия, 1-үй мекенжайынан бірге кеткені анықталған.
Волонтерлердің мәліметіне сүйенсек, жоғалғандар 21 ақпанда табылды. Осы уақытқа дейін олардың қайда жүргендері айтылмаған.