Оқиға салдарынан 2009 жылы туған жасөспірім балалар ауруханасына жеткізілді.
ERNUR.KZ. Алматыда жол қиылыстарының бірінде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кетті, деп жазады baq.kz.
Алматы полициясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 7 қазанда сағат 17:20-да Әуезов ауданында болған.
Жедел жәрдем жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта қарсы бағыттағы жолақпен келе жатып, Береговой көшесінің қиылысында оңтүстікке қарай жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қақты, - деді полиция департаменті өкілдері.
Оқиға салдарынан 2009 жылы туған жасөспірім балалар ауруханасына жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция бөліміндегілер анықтап жатыр.