Алматыда жедел жәрдем жол апатына түсті: фельдшер көз жұмды

0
79

Оқиға 3 желтоқсанға қараған түні сағат 00:40 шамасында Алатау ауданында болған.


Алматыда жедел жәрдем жол апатына түсті: фельдшер көз жұмды

фото: Пресс-служба акима Алматы

ERNUR.KZ. Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті, бір адам қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 3 желтоқсанға қараған түні сағат 00:40 шамасында Алатау ауданында болған.
"Жедел жәрдем көлігі Саин көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатып, бұрылғанда Киа көлігімен соқтығысты. Салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылған. Бұл көліктегі адам алған дене жарақатынан ауруханада көз жұмды", - дейді ведомство.
Екі автокөліктің де жолаушылары әртүрлі дене жарақатын алған.
Полиция қаза болған әйелдің жедел жәрдем қызметкері болуы мүмкін екенін айтты.
Алматы жедел жәрдем мекемесіне хабарласты. Олар марқұмның фельдшер екенін растады.