Алматыда жоғалып кеткен тұрғын өлі табылды

0
371

Марқұм 15 наурызда жоғалып кеткен.


Алматыда жоғалып кеткен тұрғын өлі табылды

фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

ERNUR.KZ. Наурыздың ортасында жоғалып кеткен Алматы тұрғыны өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 1987 жылы туған Кон Константин Игоревич 15 наурызда жоғалып кеткен. Ол Алатау ауданы, Петровский көшесі, 4-үй мекенжайынан шыққаннан кейін қайта оралмаған.

Белгілері: бойы – 160 см, орта денелі, шашы қара, қысқа, сол қолында үш саусағы жоқ.

Еріктілердің мәліметінше, ер адамның денесін полицейлер 22 наурызда Алматыда тапқан. Оқиғаның басқа мән-жайы хабарланбады.