Алматыда жол бойына ақша шашқан жүргізуші іздестіріліп жатыр

0
561

Пікір жазған қолданушылар жүргізуші апат жағдайын туғызғанын айтқан.


Алматыда жол бойына ақша шашқан жүргізуші іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда полицейлер жол бойына ақша шашқан жүргізушіні іздестіріп жатыр. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-да жазды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бастапқыда ақша шашқан ер адамдың видеосы kris_p_brothers паблигінде жарияланған. "Мақтаныш па, әлде сақтанбау ма? Көңіл айтамыз. Алматылық жігіт жүріп келе жатып екі миллион теңгесін шашып алды. Ақшасын көрсетіп мақтанғысы келді, бірақ жүзеге аспады", - делінген ролик сипаттамасында.

Полиция өкілдері жүргізуші жолда қауіпті жағдай туындатты деп есептейді, себебі оның әрекеті қайғылы оқиғаға әкеп соғуы мүмкін еді.

Видеоға қатысты пікір жазған қолданушылар да жүргізуші апат жағдайын туғызғанын айтып отыр.