Оқиға 6 қыркүйек таңертең Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.
ERNUR.KZ. Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Оқиға болған жерден түсірілген суреттер мен видеолар тарады, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға 6 қыркүйек таңертең Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған. Сағат 8:00 шамасында куәгерлер осы қиылыстан қою қара түтін шығып жатқанын байқаған. Кейін әлеуметтік желіде өрт болған жердің видеосы тарады.
Жарияланған кадрларда өрттің автобустың ішінен шыққанын көруге болады. Болжам бойынша, бұл №38 бағыт.
Алматы әкімдігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.
"Егжей-тегжейлері нақтыланып жатыр. Өрт енді ғана сөндірілді. Толық ақпаратты сәл кейінірек береміз", - деп хабарлады қалалық мобильділік басқармасының өкілі.