Ұрлық дерегі бойынша Түрксіб аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Фото: Алматы әкімдігі
ERNUR.KZ. Алматы полициясы автобус ұрлығы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп жазады inform.kz.
Әлеуметтік желіде түн ортасында қаланың Түрксіб ауданында жолаушылар автобусын айдап кеткені туралы видео тарап жатыр.
Алматы қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, ұрлық дерегі бойынша Түрксіб аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
– Күдікті «ізін суытпай» ұсталды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, - деп түсіндірді ведомстводан.