Көліктің артында отырған жолаушы тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, жүргізушіден Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апаруды талап еткен.
Фото: Видеодан алынған скрин
ERNUR.KZ. Алматының Жетісу ауданында заңға қайшы әрекет жасаған ер адам ұсталды, деп жазады inform.kz.
— Полиция қызметкерлері дереу әрекет етіп, автокөлікті қоршауға алып, күдіктіні ұстады. Тексеру барысында оның қолындағы заттың ойыншық тапанша екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, — деп хабарлады департаменттен.
Сондай-ақ полиция күдіктіні ұстау кезінде жол-көлік оқиғасы тіркелгенін атап өтті. Ресми мәліметке сәйкес, өтіп бара жатқан көліктердің бірінің жүргізушісі оқиғаға алаңдап, такси көлігімен соқтығысқан.


