Шілдеде Алматыда әйел жеті жасар қызды өлтірді деген күдікке ілінгені белгілі болған еді.
ERNUR.KZ. Алматы прокуратурасы 7 жасар Карина Закураеваны өлтірді деп айыпталып отырған өгей анасын 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп жазады tengrinews.kz.
Әкесі бірге тұрған әйел, қоғам қайраткері Балжан Тұрлыбек күдікке ілінген, 7 жасар қыздың өліміне қатысты іс бойынша тараптар арасындағы пікірталас кезінде прокурор оған ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлімі бойынша жаза тағайындауды сұрады.
"Жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Мүлікті тәркілеуге негіз жоқ. Қылмыстың ауырлығын ерекше ауыр санат ретінде ескере отырып, жаза тағайындауыңызды сұраймыз. Айыптаушы тарап бап бойынша жаза тағайындауды жөн деп санап, соттан сотталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайндап, оны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуін сұрады. Қамауда болған уақыт есептелсін. Сондай-ақ, сотталушыдан процессуалдық шығындар мен жәбірленушілердің өтемақы қорына 30 АЕК көлемінде өндірілсін", - деді прокурор сот отырысында.
Айта кетейік, бұл осы бап бойынша ең ұзақ мерзім.
Өз кезегінде жәбірленушілердің адвокаттары, өлтірілген қыздың туыстары өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын және сотталушыдан қыздың әжесінің пайдасына 20 миллион теңге моральдық шығын өндіруді сұрады.
Еске салайық, шілдеде Алматыда әйел жеті жасар қызды өлтірді деген күдікке ілінгені белгілі болған еді. Қыздың туыстары оның баланы бірнеше ай бойы аяусыз ұрып-соққанын алға тартады. 14 шілдеде әйел екі айға қамауға алынды. Күдікті аймақта белгілі қоғам қайраткері Балжан Тұрлыбек екені белдгілі болды.