Алматыдағы аграрлық университетте миллиондаған бюджет қаражаты ұрланған

0
808

Университетке тиесілі коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде алаяқтық жасалған.


Алматыдағы аграрлық университетте миллиондаған бюджет қаражаты ұрланған

ERNUR.KZ. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде жалған тұқым себу және егіс алқаптарын өңдеу арқылы бюджет қаражаты ұрланды, деп жазады sputnik.kz.

Келтірілген шығын 43,8 млн теңгені құраған. Тергеуді Алматы қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ прокурорлар университетке тиесілі коммерциялық үй-жайларды жалға беру кезінде 7,9 миллион теңгеге алаяқтық жасалғанын анықтады.
Сотқа дейінгі тергеу Медеу ауданының полиция бөліміне тапсырылды.