Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

0
444

Апат салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 16-сы жарақат алған. Кейінірек зардап шеккендердің саны 25-ке жетті.


Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматыда адам өлімімен аяқталған автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, зардап шеккен 25 адамның төртеуі ауруханаға жатқызылған. Бөлімше пациенттердің аяқ, қолдары сынғанын, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланатынын хабарлады. Барлығы қажетті ем-дом алатыны айтылды.

"Қалған зардап шеккен адамдар ұсыныстардан кейін тұрғылықты жері бойынша емделуге жіберілді. Медициналық көмекке барлығы 24 адам жүгінген. Бір жәбірленуші жедел жәрдем келгенше көз жұмды", - деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 26 маусымда Алматыда жолаушылар мінген автобус ауыр апатқа ұшыраған болатын. Жол апаты Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында болған. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған. Автобус ішінен түсірілген видео да жарияланды.

Апат салдарынан бір жолаушы қаза тауып, 16-сы жарақат алған. Кейінірек зардап шеккендердің саны 25-ке жетті.