Алматыдағы автобус апаты: Жүргізуші екі айға қамауға алынды

0
871

8 қараша күні Алматыда Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты.


Алматыдағы автобус апаты: Жүргізуші екі айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. Алматыда автобус апатына қатысы бар жүргізуші қамауға алынды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алматы қаласы тергеу сотының қаулысымен 11 қараша күні сотқа дейінгі тергеу органдарының күдікті А-ға қатысты 2 айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініші санкцияланды. Күзетпен ұстау мерзімі 2023 жылдың 9 қаңтар күніне дейін белгіленеді»,- деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Еске салайық, 8 қараша күні Алматыда Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты.

Алғашында полицейлер бір адам көз жұмып, 15 адам зардап шеккенін мәлімдеген болатын.

Кейін жарақат алғандар саны 17-ге жетті.

Соңғы мәлімет бойынша, медициналық көмекке 21 адам жүгінген, оның 9-ы ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ «Алматыэлектрокөлік» ЖШС Алматыда соғылған автобустардың тежегіші істен шықты деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.