Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісін соққыға жығу: полиция тексеруді бастады

0
1 254

«Жанұя» мамандандырылған кешенінде жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққаны туралы хабарлама мен видео әлеуметтік желіде тарады.


Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісін соққыға жығу: полиция тексеруді бастады

ERNUR.KZ. Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушісі соққыға жығылған. Аталған жағдайды полиция тексеріп жатыр, деп жазады inform.kz

«Жанұя» мамандандырылған кешенінде жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққаны туралы хабарлама мен видео әлеуметтік желіде тарады. Алматы қалалық Полиция департаменті тексеру жұмыстары басталғанын мәлім етті.

«Бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеруді бастады. Кадрда балалар үйінің 2004 және 2005 жылы туған екі тәрбиеленушісінің арасындағы жанжалды көруге болады. Анықталғанындай, бұл 3 қыркүйекте болған жағдай. Бұған дейін, аталған дерек бойынша полицияға ешкім хабар берген жоқ. Қазіргі уақытта кешенді тексеру жүргізілуде, соның нәтижесі бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.