Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түсуде – Бекшин

0
520

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады.


Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түсуде – Бекшин

ERNUR.KZ. Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің басшысы, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қаладағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, 19 қазанда коронавиурс жұқтырған 12 жағдай тіркелген. Оның ішінде 10 жағдай жергілікті, 2-уі Мысырдан келген саяхатшылардан табылған. Оған қоса анықталмаған пневмонияның 4 оқиғасы тіркелген.

Тәуліктік өсуі 0,05 пайызды құрады. Репродуктивті саны, яғни инфекцияның таралу индексі 1,06 деңгейінде. Осы индекс бірден өссе бұл індеттің артуын білдіреді. COVID-19 тіркелген сәттен бастап Алматы қаласында 14 539 зертханалық расталған жағдай тіркелді. Оның ішінде 8 731 симптомы бар, 5 808 жағдай ауру белгісіз болған. 1 тамыздан бастап біз коронавиурсты пневмонияны тіркеуге алдық. Сондықтан қазір 974 оқиғасі тіркеліп отыр, - деді ол.

Сонымен қатар ол алдын алу желісі бойынша COVID-19 зертханасы мен оны тасымалдаушылар үшін екінші толқынға дайындық қамтамасыз етілгенін айтты.

Қазір қалада 17 ПТР зертханасы іске қосылған. Олардың жиынтық қуаты тәулігіне 12 мыңнан астам, сондай-ақ тәуліктік зерттеуді арттыруға мүмкіндік бар. Жоспар бойынша бұл резервті 22 мыңға дейін жеткізуге болады,-дейді Бекшин.

Коронавиурсты инфекцияның күтілген жаңа толқынына байланысты стандартты сақтық шараларын елемеуге болмайды, яғни қонақ шақыруға, жаппай отбасылық іс-шаралар өткізуге, адамдар көп жиналатын жерге барудан аулақ болған жөн. Егер вирус жұқтырсаңыз өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз. Отбасы мүшелерінен оқшауланыңыз және дәрігерлерді шақырып, медициналық көмекке жүгініңіз.

Департамент басшысы сондай-ақ, мониторингті топтардың жұмысы қайта жанданғанын жеткізді.

8 қазаннан бастап Алматыдағы мониторинг топтарының жұмысы қайта басталды. 26 мониторинг тобы ұйымдастырылып, жұмысын атқарып жатыр. Мониторинг топтары 8-18 қазан аралығында 1 518 нысанды тексерді. 360 нысан карантин шараларын бұзға. Оған қоса маска режимін бұзған 80-ге жуық жеке тұлға Әкімшілік кодекстің 460 бабының 1 бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды,-деді ол.