Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
ERNUR.KZ. Алматыда сауда орталығының әжетханасында қыздарды зорламақ болған ер адам 10 жылға сотталды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 124 бабы 1-бөлігі бойынша А. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
«Сот А. есімді азаматтың зорлық-зомбылықсыз азғындық әрекеттер жасағанын, атап айтқанда 2012 жылы туған екі қызға ұялы телефонынан порнографиялық мазмұндағы бейнені екі рет көрсеткенін анықтады. Алдымен сауда орталығының фойесінде, содан кейін жәбірленушілердің соңынан әйелдер дәретханасына кіріп, видео көрсеткен», - деді қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіндегілер.
А. есімді ер адам сот үкімімен 10 жылға сотталды.
Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.