Қайғылы оқиға 27 қарашада Алматының Түрксіб ауданында болған.
Фото: culture.ru
ERNUR.KZ. Алматыдағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Олардың танысы өлтірді деген күдікке ілінді, деп жазады stan.kz.
Қайғылы оқиға 27 қарашада Алматының Түрксіб ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылардың 56 жастағы танысы жанжалдың салдарынан қарттарды өлдірді деген күдікке ілінді.
"Түрксіб аудандық полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр", – делінген хабарламада.