Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккен балалардың бәрі ауруханадан шығарылды

0
724

Екі бала амбулаториялық ем алуға ауыстырылып, үйлеріне қайтарылған.


Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккен балалардың бәрі ауруханадан шығарылды

ERNUR.KZ. Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккен балалардың бәрі ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілеухан Әбілдаев мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жақында Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында ем алып жатқан екі бала амбулаториялық ем алуға ауыстырылып, үйлеріне қайтарылған. Жалпы, қазіргі таңда апаттан зардап шеккен 16 адам Алматының стационарлары мен көпбейінді клиникалық орталықтарында, Нұр-Сұлтанда әлі де емделуде.

Атап айтқанда, ересектердің жетеуі қалалық №4 клиникалық ауруханасында, екеуі шұғыл медициналық көмек көрсететін ауруханада, тағы екеуі Орталық қалалық ауруханада, одан бөлек екеуі Алматыдағы көпбейінді клиникалық емханада ем-домын жалғастыруда. Апаттан зардап шеккен тағы екі бала елордадағы ауруханаларда жатыр.

Жалпы, апат орын алған күні стационарларға 52 адам, оның ішінде 69 бала түскен еді. Сондай-ақ бұған дейін ҚР бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин апаттан зардап шеккен балаларға көмек көрсетіп жатқанын хабарлаған болатын.