2020 жылдан бастап 28 станцияның құрылысы мен күшті жер сілкінісі туралы халықты алдын ала хабарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша кезең кезеңімен жұмыстар жүргізілген.
ERNUR.KZ. Алматы Төтенше жағдайлар департаменті ерте хабарлау жүйесі мен Darmen қосымшасы сынақ режимінде екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Алматы ТЖД мәліметінше, 2020 жылдан бастап 28 станцияның құрылысы мен күшті жер сілкінісі туралы халықты алдын ала хабарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша кезең кезеңімен жұмыстар жүргізілген.
"Оларды іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылды: 2022 жылы 11 станция және 2023 жылы 17 станция орнату. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, толық игерілді: құрылыстың бірінші кезеңі - 547,9 миллион теңге, құрылыстың екінші кезеңі - 597,5 миллион теңге. Қазіргі уақытта шетелдік тәжірибе бойынша жүйе апробация кезеңінен өтіп жатыр және тест режимінде", - деп хабарлады ведомство.
Құтқарушылар 23 қаңтарда Алматыда болған жер сілкінісі кезінде SMS хабарламалар жіберілгенін алға тартты. Алайда хабарлама жазылушыларға тәуліктің әртүрлі уақытында жеткен.
"Ұялы байланыс операторларының шектеулеріне байланысты абоненттік базаға үлкен көлемдегі SMS жіберу бірнеше блоктарға бөлінеді және бір сағаттан аса уақытты алады", - деп хабарлады ведомство.
Darmen қосымшасына қатысты, Төтенше жағдайлар департаменті ол да, жойықын жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлау жүйесі сияқты сынақ режимінде екенін хабарлады.
"Қазіргі уақытта Darmen мобильді қосымшасы мен жойқын жер сілкіністерін алдын ала хабарлау жүйесі сынақтан өтіп жатыр және сынақ режимінде".