Алматыдан 439 шақырым қашықтықта жер сілкінді

0
553

Зілзала ошағы оңтүстік-шығысқа қарай Алматыдан 439 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болған.


Алматыдан 439 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалқ станциялар желісі 22 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 16.25-те жер сілкінісін тіркеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы оңтүстік-шығысқа қарай Алматыдан 439 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.6. MPV магнитудасы - 5.3. Тереңдігі - 15 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.