Ыстықкөлге баратын жолдың жеңілдетілуі ол жақтағы туристер ағынын айтарлықтай арттырады.
ERNUR.KZ. Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі қысқа жолға электробустар шығару ұсынылды, деп жазады zakon.kz.
Көлік және инфрақұрылымды дамыту бойынша қырғыз-қазақ жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Онда Алматы – Ыстықкөл баламалы жолын салу жобасының қазіргі жағдайы қаралды.
Азия даму банкі Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша электрлі автобустар арқылы тұрақты жолаушылар тасымалдауды іске қосуды ұсынып отыр.
Ыстықкөлге баратын жолдың жеңілдетілуі ол жақтағы туристер ағынын айтарлықтай арттырады. Алматылықтар үшін Ыстықкөлге саяхат демалыс күндеріндегі маршрутқа айналуы мүмкін.