“Бірінші болып қисайған №1/136 үй тұрғындары көшірілді. Үй “Астана-Құрылыс” компаниясына қайта жөндеуге берілді. Тұрғындар жаңа үйдің құжатын дайындауды бастап кетті”, -дейді Рыспаев.
Енді Алматыдағы “Алғабас” шағынауданында 5 қабаттан жоғары үй салынбайтын болды. Бұл туралы Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев айтты, - деп хабарлайды Stan.kz
Аудан әкімнің айтуынша, аудандағы 9 қабатты үйлердің қабырғалары қайта нығайтылуда.
“Бірінші болып қисайған №1/136 үй тұрғындары көшірілді. Үй “Астана-Құрылыс” компаниясына қайта жөндеуге берілді. Тұрғындар жаңа үйдің құжатын дайындауды бастап кетті”, -дейді Рыспаев.
Сонымен қатар, шағынаудандағы тағы 9 үйдің құрылысы қайта нығайтылып жатыр.
Қисайған үйді салған компанияға қайта жөндеуге мүмкіндік беріліп, кейін олар жаңа үй тұрғызды. Десе де, компания лицензиясынан шектелмеген.