Олардың ешқайсынан коронавирус анықталған жоқ.
ERNUR.KZ. Еске салайық, 19 тамызда Кабулдан Алматыға екі рейс келді. Алғашқы рейспен Қазақстанның 27 азаматы (оның ішінде 6 бала) және Қырғызстанның 15 азаматы келді. Қырғызстан азаматтары әуежайдан бірден еліне аттанды. Ал, Қазақстанның 27 азаматы Shera Inn қонақүйіне орналастырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Екінші рейспен БҰҰ дипломатиялық миссиясының 135 мүшесі келіп, Rixos қонақүйіне орналастырылды. Олардың арасында Ауғанстан азаматтары жоқ.
22 тамызда Кабулдан Алматыға тағы 108 адам келді, олардың барлығы БҰҰ дипломатиялық миссиясының мүшелері. Олар Intercontinental қонақүйіне орналастырылды.
Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәлімдеуінше, Кабулдан келген Қазақстан азаматтары мен БҰҰ қызметкерлері арасында ешқайсының ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен жоқ.