Алматыға Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған жер сілкінісі сезілді

0
677

Сейсмологтар Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісін тіркеді.


Алматыға Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған жер сілкінісі сезілді

ERNUR.KZ. Жерасты дүмпулері Алматыдан 279 шақырым жерде болды, қалада 2 баллдық діріл сезілді, деп жазады zakon.kz.

27 ақпан күні сағат 03:42-де алматылық сейсмологтар Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан аумағы мен Қытай шекарасында орналасқан.
  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.2.
  • MPV магнитудасы - 5,9.
  • Тереңдігі - 15 км.
Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): 2 балл Алматы қ.
27 ақпанда сағат 05:58-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан аумағы мен Қытай шекарасында тағы бір жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.1.
MPV магнитудасы - 5,6.
Тереңдігі - 10 км.
Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.
26 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 15:59-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 858 шақырым жерде Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелген еді.