Алматыға Қытайдан келетін саяхатшылар саны көбейді

0
194

Сарапшылардың айтуынша, 2035 жылға қарай Гонконгтың шетелге шығатын туризм нарығы 2 млрд долларға жетуі мүмкін.


Алматыға Қытайдан келетін саяхатшылар саны көбейді

Фото: Алматы қаласы әкімдігі
ERNUR.KZ. Соңғы бір жылда Алматыға Қытайдан келетін саяхатшылар легі 50%-ке өсті, деп жазады BAQ.KZ.

2024 жылы мегаполиске Қытайдан 99 мыңнан астам турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ке көп. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 20 мың турист барған (+39%).

“ Алматы халықаралық деңгейде танымалдылыққа ие бола бастады. Гонконгте өткен International Travel Expo халықаралық көрмесінде ынтымақтастық жөнінде 30 меморандумға қол қойылды , - деп жазылған хабарламада.

Сарапшылардың айтуынша, 2035 жылға қарай Гонконгтың шетелге шығатын туризм нарығы 2 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл Қазақстан мен Алматыға туристер тартуға зор мүмкіндік.

Қазіргі таңда Алматы мен Гуанчжоу арасын жалғайтын тікелей әуе рейсі іске қосылған. Жақында Шанхайға қатынайтын рейс ашылады.