Алматылық оқушы Айви Лига университетіне шақырту алды

0
616

Алиманың анасы қызы кішкентайынан бастамашылық танытып, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, волонтерлікпен де айналысып келе жатқанын айтты. Ол көптеген олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанған.


Алматылық оқушы Айви Лига университетіне шақырту алды

ERNUR.KZ. Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Алима Тұяқаева Оксфорд университетімен қатар әлемге әйгілі университеттердің бірі Айви Лигасынан Пенсильвания университетіне оқуға ресми шақырту алды, деп жазады ҚазАқпарат.

Мектептің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Алима толық қаржыландыру грантының иегері ретінде в Wharton School of Business мектебінде бизнес және маркетинг мамандығы бойынша оқуды жоспарлап отыр. Бұл оқу орны АҚШ бизнес мектептері арасында кеңінен танымал.

Пенсильвания университетінде қазақстандық оқушы қыз жетекші практиктер мен бизнес көшбасшыларының лекцияларын тыңдауға, нейромаркетинг бойынша инновациялық зерттеулерге қатысуға және жетекші компанияларда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады. Оның Илон Маск пен Уоррен Баффетті қоса алғанда, күшті түлектері бар.

Алиманың анасы қызы кішкентайынан бастамашылық танытып, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, волонтерлікпен де айналысып келе жатқанын айтты. Ол көптеген олимпиадаларға қатысып, жеңімпаз атанған.

Оқушы Instagram – дағы парақшасында ата-анасына, ұстаздарына, достарына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Мен бұл университетті неліктен таңдағанымды айтып бере аламын. Ол жаққа барғым келгені соншалық, күндіз-түні ойымнан шықпайтын. Бірнеше жыл бойы университетімнің оқуға түскендерге жіберген хаттарын оқып келемін. Тіпті жатқа білем. Бірақ бүгінгі хаттың мазмұны мүлде басқа. «It’s time to celebrate» «Тойлаудың уақыты келді» деген жазуды көріп, жылап жібердім», - деп жазды Алима.

Айта кетейік, Айви лигасы — Америка Құрама Штаттарының солтүстік-шығысындағы жеті штатта орналасқан сегіз жеке американдық университеттердің бірлестігі. Лигадағы университеттер білім сапасының жоғарылығымен ерекшеленеді.