Бүгінде біздің онлайн мектепте 2 мыңнан астам бала және жеткіншек ағылшын тілі курсынан өтіп, білім алуда - Кан.
ERNUR.KZ. Алматылық мектеп оқушысы Илья Кан аз қамтылған отбасыдан шыққан, дәрігерлер мен полицейлердің балаларына тегін ағылшын тілін үйретіп жүр, деп жазады zakon.kz.
Мектеп оқушысының жобасы "Teaching for heroes" деп аталады.
"Менің жасым 16-да. Бос уақытымда оқығанды, жазғанды ұнатамын, сол сияқты мектепте футбол ойнаймын. Мен қазір АҚШ-та оқимын, биыл 11 сыныпқа өттім. Болашақ мамандыққа қатысты әлі нақты таңдау жасаған жоқпын. Дегенмен жоғары білімді де осы АҚШ-та жалғастырмақ ойым бар. Бастапқы кезде өзім де тіл үйретіп, сабақ бердім. Қазір көбінесе ұйымдастырушылық жұмыстармен айналысамын. Бүгінде біздің онлайн мектепте 2 мыңнан астам бала және жеткіншек ағылшын тілі курсынан өтіп, білім алуда. Оның ішінде жоба қатысушы 100-200 бала - аз қамтылған отбасыдан. Ағылшын тілін меңгерсем деген ниеттегі балалармен 900-ге жуық оқытушы өз тәжірибесімен бөлісуде", - деді И. Кан.