​Алматылық оқушылар Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарға арналған қосымша ойлап тапты (видео)

0
2 465

Бұл тек Альцгеймер ауруымен емес, өзге де балаларға, жасы үлкен адамдарға, қарттарға да өте жақсы құрылғы.


​Алматылық оқушылар Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастарға арналған қосымша ойлап тапты (видео)

сурет: evonews.com

ERNUR.KZ. Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары «Сикуэнс» атты қосымша ойлап тапты, деп жазады 24.kz.


Ағылшын тілінен аударғанда «жүйелілік» деген мағынаны білдіретін тың құрылғы Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастар мен олардың жақындарына таптырмас құрал. Мәселен, бағдарлама қарияға дәрі-дәрмегін уақытылы қабылдау туралы еске салады. Сондай-ақ мобильдік құрылғы арқылы науқастар өзінің қамқоршысына дәрісін дер кезінде қабылдағаны жөнінде хабарлама да жолдай алады.

Дильназ Қамалова, Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы:

- Біздің барлығымыздың білуімізше, ол өте тез дамитын ауру болып табылады. Сондықтан да уақытылы барлық медикаменттерді қабылдау өте маңызды екенін барлығымыз білеміз. Науқастың жақын адамдары оның медикаменттерді қашан қабылдау қажеттілігін өздері қойып тұрады.

Дана Ерланова, Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы:

- Дәрі-дәрмекті алу керек, алып қабылдағаннан кейін, сіздер қабылдадым деген кнопканы басасыздар. Қабылдадым деген кнопканы басқаннан кейін ол бізде өшеді және телефонға хабарлама келеді. Бұл тек Альцгеймер ауруымен емес, өзге де балаларға, жасы үлкен адамдарға, қарттарға да өте жақсы және де медициналық жобаларда, ауруханаларда осы цифровизацияландыру үшін қолданылады.

Осылайша жасының ұлғаюына байланысты неврологиялық дертпен күресуші қарт кісілер өзіне қажетті ем-домының мөлшерін де реттей алады. Айта кетейік, Альцгеймер ауруына көбіне егде жастағы адамдар шалдығады.