Алматылықтар «Кеңсай» зиратын кеңейтуге қарсы шықты

0
746

Желіге видео жүктеген қала тұрғыны «Кеңсай» зиратының аумағы кеңейтіліп жатқанын және аумақтың бір бөлігі қоршаумен қоршалғанын айтты.


Алматылықтар «Кеңсай» зиратын кеңейтуге қарсы шықты

ERNUR.KZ. Алматылықтар қаланың әсем жерлеріне зират салынуына наразылығын білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Желіге видео жүктеген қала тұрғыны «Кеңсай» зиратының аумағы кеңейтіліп жатқанын және аумақтың бір бөлігі қоршаумен қоршалғанын айтты.

Ол сондай-ақ зират салынатын төбелерде Қызыл кітаптағы өсімдіктер өсетінін атап өтті.

Алматы әкімдігінің берген жауабына сәйкес, Алматы қаласы әкімінің 2014 жылғы 15 қазандағы №4/805-4519 қаулысына сәйкес, «Думан» ықшам ауданының оңтүстігі, «Кеңсай» зиратының шығысы мекенжайында аралас үлгідегі зиратты ұйымдастыру үшін ауданы 92,08 га учаске бөлінген.

Бүгінгі таңда зират инфрақұрылымының құрылысы толық аяқталды (кіреберіс жолдар, әкімшілік ғимарат, қоршау), құрылыс жұмыстары 2018 жылы жүргізілген.

«Жобаға сәйкес, учаскенің жалпы аумағынан 28-32 га марқұмдарды жерлеуге арналған, ал қалған 60 га жасыл желектерге арналған зираттың санитарлық аймағы болып табылады», - делінеді әкімдіктің берген жауабында.