Зілзаланың ошағы Қытайда тіркелген.
ERNUR.KZ. Қытайда болған жер сілкінісін алматылықтар сезінді, деп жазады inbusiness.kz.
Жерасты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі "SOME" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 19 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 07:44-те тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 347 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12,6, магнитудасы MPV 6,0", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қытайда жер сілкінісінен 86 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.