Алтай Көлгінов LRT туралы: 3,25 пайызбен несие аламыз

0
596

Елордадағы LRT құрылысын аяқтауға қажет қаржыны 3,25 пайыздық несие арқылы жабу көзделіп отыр.


Алтай Көлгінов LRT туралы: 3,25 пайызбен несие аламыз

ERNUR.KZ. Елордадағы LRT құрылысын аяқтауға қажет қаржыны 3,25 пайыздық несие арқылы жабу көзделіп отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«LRT жобасы өте күрделі екенін, үлкен капиталды қажет ететінін білесіздер. Бірақ басталған істі аяқтауымыз керек. 2016 жылы концорциуммен және банктермен келісішарт бекітілген. Келісімшарт қа қол қойылғанымен, кейбір банктерге проблемаға байланысты жоба уақытша тоқтатылған болатын. Қазір банктер арқылы инвестиция тарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жобаны аяқтауымыз керек. Толық ақпарат берейін. Жобаның құны 1,8 млрд доллар тұрады, Оның ішінде 347 млн доллар қазірдің өзінде игеріліп қойған. О баста несие 4,9 пайызбен Қытай даму банкінен алынғанын білесіздер. Кейін біз үнемдеу туралы шешім қабылдадық», - деді әкім.

Сондай-ақ, ол жобаны қайта қарау кезінде қаншы қаражат үнемделгенін атады.

«Өз еліміздегі екінші деңгейлі банктерден 3,25 пайызбен облигациялық қарыз алу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Яғни бұл 4,9 пайыздан әлдеқайда аз. Оның үстіне қарызға қызмет көрсету бойынша 800 млн доллар үнемдейтін едік. Одан бөлек EPC келісімшарты бойынша 200 млн доллар және үнемдедік. Станциялар мен вагондардың санын қысқарту арқылы 150 млн доллар үнемделді», - деді Алтай Көлгінов.

Қала басшысы жобаны аяқтау үшін 1 млрд доллар көлемінде қаржы тарту керек екені тағы бір еске салды.

«LRT-ның қазіргі күйі қаланың сәулетіне сән кіргізіп тұр деу қиын. Бұған дейін қаншама қаржы салынды?! Келешекте қаланың қоғамдық көлігін дамыту үшін, экологиялық таза көлікпен қамту үшін бұл қажет. Тұрғындардың саны өсіп келе жатқанын да ескеру қажет. Қазір қалада 1 млн 200 мың адам бар. Алдағы 10 жылда 2 млн адамға жетуі мүмкін. Дәл осы LRT өтетін Сол жағалауда құрылыстың тығыздығы артып келеді. Былтырғы пандемия жылының өзінде Есіл ауданының халқына 40 мың адам қосылды. Мен өңірде жұмыс істегенмі. Өңірлер өлшемімен алсақ, бұл екі ауданның халқы деген сөз. Халық өсімі әлі жалғасып жатыр», - деген әкім келіссөздер жүргізіп жатқан бакнтердің атын атаудан бас тартты.

«Жобаны түбі аяқтаймыз. Қазір банктермен жұмыс істеп жатырмыз. Солардың өтініші бойынша нақты қандай банк екенін айта алмаймыз. Келісімшартқа қол қойылған кезде ғана ақпаратын береміз. Нақты айтсақ, банктер концорциумымен жұмыс істеп жатырмыз. Солардың өтініші бойынша жарияламаймыз. Келісім мынадай мазмұнда жүріп жатыр. Бұған дейін бір қарыздан бас тарттық қой. Оның мөлшерлемесі 4,9 пайыз болса, бұл жолы 3,25 пайыз болады», -деді елорда басшысы.