Алтай Көлгінов1978 жылы дүниеге келген.
ERNUR.KZ. 9 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп жазады zakon.kz.
"Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын" – деп жазылған Ақорданың ресми сайтында жарияланған жарлықта.
Алтай Көлгінов1978 жылы дүниеге келген.
А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.
Еңбек өтілі:
- 2000-2001 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен;
- 2001-2008 жылдары Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында қызмет атқарады;
2008-2010 жылдары — "Алаш Медиа Групп" ЖШС бас директорының орынбасары; - 2010-2012 жылдары президент Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
- 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
- 2013 жылдың 4 сәуірінен Орал қаласының әкімі.
- 2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі.
- 2019 жылдың 13 маусымнан бастап Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.