Әлтайыр Ахметов президент әкімшілігінде лауазымды қызметке ие болды

0
1 553

Ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды.


Әлтайыр Ахметов президент әкімшілігінде лауазымды қызметке ие болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әлтайыр Ахметов президент әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды;

Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды", - делінген ресми Жарлықта.