"Ұлан, тиме!": Атырауда балабақша тәрбиешісінің бүлдіршінді ұрғаны видеоға түсіп қалды

0
184

Бейнежазбадағы дауыстан оның балаларға дөрекі сөйлегені анық естіледі.


Фото: бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Оқиға Атырау облысындағы балабақшалардың бірінде тіркелген, деп жазады inbusiness.kz.

2 жастағы Ұланның туған күнін атап өту сәтінде тәрбиеші бүлдіршіндердің біріне қол көтерді.

Белгілі болғандай, тәрбиешілер ата-аналарға арнап туған күн мерекесінен бейнежазба түсірген. Десе де, видеоға мерекелік сәттерде әдетте көпшілік назарына ұсыныла бермейтін көріністер де таспаланып қалған.

Кадрлардан балаларға дөрекі сөйлеп, дауыс көтерген тәрбиешінің іс-әрекетін байқау қиын емес. Сондай-ақ, ол бүлдіршіндердің бірінің арқасынан шапалақпен ұрған. Оның мақсаты ортада тұрған тортқа балаларды тигізбеу болғанға ұқсайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, тәрбиешінің бұл әрекетіне қатысты шағым түскен.

Жауапты органдар аталған жағдайға қатысты пікір бермеді. Оқиғаның нақты қашан болғаны белгісіз.