«Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерін тағайындау кезінде құжат талап етілмейді - Бағдат Мусин

0
582

Министр қазіргі таңда «Алтын алқа» статусын алған аналарға жәрдемақы автоматты түрде тағайындалатынын айтты.


«Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерін тағайындау кезінде құжат талап етілмейді - Бағдат Мусин

ERNUR.KZ. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» ордендерін тағайындау кезінде жиналатын құжаттарды цифрландыру қажет деп санайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ маманы, Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының депутаты Хурлиман Нұртуғанова. Халық қалаулысы осы ойын «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге жеткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Өз кезегінде министр қазіргі таңда «Алтын алқа» статусын алған аналарға жәрдемақы автоматты түрде тағайындалатынын айтты.

«Құжат тапсырудан бас тарттық. Балаларыңыздың куәлігі АХАЖ-да тұратын болса, сол жерден алынады. Қыркүйекте біз заңнамаға өзгеріс енгіземіз, содан кейін құжаттар талап етілмейді», - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, осы аптада Астанада 2,5 мың мәслихат депутатының басын қосқан «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумы өтті.