"Алтын алқа" мен "күміс алқа" алатын аналарға талап күшейтіледі

0
316

Қазақстанда мемлекеттік наградаларға қатысты жаңа ережелер қабылданады.


Фото: Жалағаш жаршысы

ERNUR.KZ. Мәжіліс ақпаратқа қолжетімділік, қоғамның қатысуы, мемлекеттік наградалар және қажетсіз заңнамалық реттеуді жою мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

"Алтын алқа" және "Күміс алқа" тек Қазақстан азаматтарына беріледі. Қабылданған заң аясында мемлекеттік наградалары туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мемлекеттік наградалар тізбесінен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы ұғымы алып тасталып, ел мүддесін қорғауда көрсеткен ерлігі, батырлығы, қаһармандығы үшін және адам өмірін сақтап қалуға байланысты жағдайларда қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапаттау мүмкіндігін заңнамалық тұрғыдан бекітеді.

Сондай-ақ "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған аналарға Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы туралы талап белгіленді. Сондай-ақ ордендер мен медальдарды, төсбелгілер мен оларға арналған құжаттарды толығымен немесе сыртқы түрі не атауын мемлекеттік наградаларға ұқсас етіп белгілеуге және дайындауға тыйым салынады.