Altyn Orda QazTrade LTD ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылды.
ERNUR.KZ. Алматыдағы "Алтын Орда" базарына иелік ететін Altyn Orda QazTrade LTD компаниясына 1,4 млн теңге айыппұл салынды, деп жазады Sputnik.kz.
Алматы облысы Қарасай ауданының әкімшілік соты "Altyn Orda QazTrade LTD" ЖШС-ға 1 424 776 теңге айыппұл салып, монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде түскен 46 976 550 теңге монополиялық кірісті тәркілеу туралы шешім шығарды.
Бұған дейін Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департамент Altyn Orda QazTrade LTD компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдарды Қарасай ауданаралық мамандандырылған сотына жіберген болатын.
"2022 жылғы наурызда "Алтын Орда" базарын тексеру қорытындысы бойынша компанияның сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары баға белгілегені анықталды", - делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.