“Алтын Ордаға қарай кеткен“: Алматы маңында 18 жастағы қыз жоғалып кетті

0
148

Ол Алтын Орда базарына барамын деп кеткен.


“Алтын Ордаға қарай кеткен“: Алматы маңында 18 жастағы қыз жоғалып кетті

Суретті қыздың әпкесі ұсынған

ERNUR.KZ. Алматы маңында 18 жастағы қыз жоғалып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Туыстарының айтуынша, Аружан есімді қыз кеше таңертең үйден шығып, қайта оралмаған. Оның телефоны сөндірілген.

"Таңғы сағат 10-да үйден шыққан. Алтын Орда базарына барамын деп кеткен, содан кейін жоғалып кетті. Сағат 5-те іздей бастадық, телефоны сөндіріліп тұрды", – деді оның әпкесі.

Қыздың белгілері: ақшыл шашты, бойы 180 сантиметр, ақ түсті дубленка мен ақ бас киім киген.

"18 жастағы қыздың жоғалып кетуі дерегі бойынша Қарасай аудандық полициясында арыз тіркелді. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оның қайда екенін анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр," – деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.