Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан ұсынылған Жамбыл Ахметбеков президенттікке кандидат ретінде тіркелді.
ERNUR.KZ. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан ұсынылған Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды stan.kz.
26 сәуір күні ҚКХП Жамбыл Ахметбековті ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынып, Орталық сайлау комиссиясына ҚКХП қоғамдық бірлестігін Әділет министрлігінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген, осы қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
президенттікке кандидат ретінде дауысқа түсуге келісім бергені туралы кандидат өтініші, өмірбаяндық деректері;
сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат ұсынылып кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергенін анықтау негізінде Орталық сайлау комиссиясының 27 сәуірдегі қаулысымен президенттікке кандидаттың сайлау туралы заңнамаларда қойылған талаптарға сәйкестігі белгіленіп, қол жинау парақтары берілді.
Кандидатты тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің кірістері мен мүлкі туралы декларация жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; кандидатты тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының азаматтардың президенттікке кандидат Ахметбековті қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы хаттамалары ұсынылды.
15 сәуірдегі №13/237 комиссия қаулысымен ҚР президенттігіне кандидатты қолдап жиналған рас қолдардың қажетті саны 118 140-тан кем болмауы тиіс.
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес кандидат Ахметбековті қолдап 138 294 азаматтық қол жиналды, оның ішінде 135 506 қол рас деп танылды", - деді деп мәлімдеді ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов.
Жамбыл Ахметбековті президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін барлық тиісті құжат комиссияға ұсынылып, қойылған талаптарға толығымен сәйкес келді. ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін ОСК қаулысымен 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлануына кандидат ретінде тіркеп, Ахметбековке тиісті куәлік берілді.
Кандидатқа «Халық жинақ банкіне» арнайы уақытша шот ашу үшін тіркелу туралы мәліметтер беріледі. БАҚ-қа кандидатты тіркеу туралы ақпараттық хабарламаны жариялау белгіленді.