​«AMANAT»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3600 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

0
694

Кездесуге қатысқан штаб мүшелері кәсіпкерлерді саяси науқанға белсене атсалысып, «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.


​«AMANAT»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3600 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штаб төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы мен штаб мүшелері Түркістан қаласында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қалалық «АТАМЕКЕН» ҰКП филиалында жергілікті кәсіпкерлермен бейресми кездесу өткізді.

Жиында сөз алған Алтынсары Үмбетәлиев 2021-2022 жылдары 7 ірі инвестициялық жобаның іске асырылуына партияның ықпал еткенін атап өтті. Олардың қатарында тоқыма бұйымдарын өндіру цехы, кеңселік жиһаз шығару кәсіпорны, асфальт және тауарлы бетон, газобетон өндіру, мақта талшықтарын қайта өңдеу, керамзитті кірпіш өндіру зауыттары, бөтелкедегі ауыз-су өндіру цехы бар.

Ал, қазіргі таңда партия облыс шеңберінде тұрақты жұмыс орындарын көбейту және облыс экономикасын көтеру мақсатында алдағы 5 жылда шамамен 3600 жаңа жұмыс орнын құратын инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, кеңсе жиһаздарын өндіру, газобетон өндіру, алюминийден жасалған профильдер өндіру цехы мен темірбетон бұйымдарын өндіру, тауарлық бетон конструкцияларын өндіру, каустикалық сода, ПВХ, карбид кальций, цемент өндіретін химиялық зауыт, мұнай өңдеу зауыты, фосфорит өңдеу зауыты секілді ірі жобалар әзірленуде.

Сондай-ақ, кездесу барысында партияның кәсіпкерлікті дамыту бағытында қол алғалы отырған жұмыстары баяндалып, бизнес өкілдері сауалдарына жауап алды. Ұсыныс-пікірлер тыңдалып, аталған салаға қатысты мәселелер талқыланды.
Кездесуге қатысқан штаб мүшелері кәсіпкерлерді саяси науқанға белсене атсалысып, «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.


«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың Республикалық сайлауалды штабта сөйлеген сөзінен:

«ХАЛЫҚТЫҢ БІРІНШІ СҰРАНЫСЫ – жайлы тұрмыс пен тұрақты жұмыс.

Сондықтан, кешенді шараларды шұғыл түрде қолға алуымыз керек.

«AMANAT» алдағы бес жылда азаматтардың кірісін арттыруға барынша күш салады.

Жалпы еңбек адамдарының, соның ішінде мұғалімдер мен дәрігерлердің, әскерилердің, өндіріс саласы мамандарының, жас кадрлардың адал еңбегі мен маңдай тері лайықты бағалануы тиіс.

Ондаған жылдар бойы халық қазынасының есебінен байып келген ірі корпорациялар жұмысшыларға лайықты жалақы төлеуге міндетті.

Шетелдік және отандық мамандардың еңбек ақысында бұрынғыдай алшақтық болмауы керек»


Айта кетейік, «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы өз жұмысын бастаған болатын.

2023 жылдың 18 ақпан күні 18.00-де ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталып, «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы да іске қосылды.

Іс-шара тікелей эфирде өтіп, партия төрағасы Ерлан Қошанов «АМANAT» партиясының «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын жариялаған еді. Бұл жиынға партиялық тізімге енген кандидаттар және партияның атынан Мәжіліске ұсынылған бір мандатты үміткерлер, штаб мүшелері, партияның «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері, партия жақтастары қатысты.

«Біздің бағдарлама – қоғамда әбден қайнап, пісіп-жетілген проблемаларды шешудің нақты жолы, нақты жоспары. Өткен жылдың өзінде партия өңірлерде, ауыл-аймақта мыңдаған кездесу өткізіп, тұрғындардан 200 мыңнан астам ұсыныс-пікір жинаған болатын. Халықты толғандырған мәселелерді мұқият талдап, жүйелендіре келе 10 негізгі бағыттан тұратын құжатты әзірледік. Одан әрбір отандасымыз өзі үшін өзекті мәселелердің жауабын таба алады», – деді партия Төрағасы өз сөзінде.

Әр облыс пен қалалардың демографиялық, әлеуметтік және экономикалық ерекшелігін ескере отырып, 20 аймақтық сайлауалды бағдарлама әзірленгенін айтқан төраға бір мандатты округтер бойынша сайлауға қатысатын партияның әрбір кандидаты да өздерінің сайлауалды бағдарламаларын әзірлегенін жеткізді.

Айта кетсек, республикалық штаб құрамына партияның 486 белсенді жақтасы енсе, өңірлік және аумақтық 226 сайлауалды штабқа 7,5 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сайлаушылармен кездесу кестесіне сәйкес, кандидаттардың 27 мыңнан астам сенімді өкілі қызмет атқарады.


«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың Республикалық сайлауалды штабта сөйлеген сөзінен:

«ХАЛЫҚТЫҢ ЕКІНШІ СҰРАНЫСЫ – әлеуметтік қамқорлықты күшейту.

Қазақстанда кедейшілік болмауы керек. Біз әлеуметтік көмек көрсету саласында тәртіп орнатамыз. Бәрі ашық, әділетті болуы тиіс. 2027 жылға қарай әлеуметтік көмек мөлшерін 1,5 есе көбейтуге күш саламыз.

Еңбекпен қамту орталықтарының жұмыс әдісін толықтай өзгерту керек. Олар тұрғындарға өз аяғымен барып, қызмет жасауы тиіс.

Ол үшін орталықтардың жанында өңірлік әкімдіктермен бірге жастармен, жұмыссыздармен, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен тікелей жұмыс істейтін мобильді топтар болуы шарт.

«AMANAT» бұл жұмысқа биылдан бастап кірісті. Партия мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекет тарапынан қамқорлықты күшейтуге барынша ықпал етеді.

Сонымен қатар, біз аз қамтылған отбасылардағы балалар үшін жеке жәрдемақы қарастыруды міндетті түрде қолға аламыз.»


Сонымен қатар «AMANAT» партиясының Түркістан облысындағы қоғамдық қабылдау бөлмесі ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарымен бірлесіп, Түркістан қаласындағы «Қуаныш» орталық базарында шаһар тұрғындарымен кездесті. Атап өтсек, тұрғындарды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Ерлан Әбдиев, Әбдібақыт Мақұлбаев, Шырынбек Оңғаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Шолпан Маратқызы және Түркістан қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Айгүл Тілепова қабылдады. Қоғамдық қабылдауға 73 азамат келіп, тұрғын үй және жер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, несие, әлеуметтік, кәсіпкерлік және денсаулық мәселелері бойынша ұсыныс- пікірлерін білдірді.

Мұндай кездесулер әр сенбі сайын халық көп шоғырланған "Қуаныш" базарында 11 наурызға дейін жалғасатынын да айта кету керек.

Жалпы, 19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай «AMANAT» партиясының өңірдегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмелері халықты ұсыныстары мен тілектері бойынша қабылдап жатыр. Тиісінше, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне қазіргі уақытқа дейін облыс бойынша тұрғындар тарапынан 1069 ұсыныс-тілек келіп түскен.

Айта кетсек, Республика бойынша «AMANAT» партиясының 238 қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрғындар үшін жұмыс атқарады. Сұрақтар болған жағдайда, партияның 8-800-080-44-41 жедел байланыс нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз!


«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың Республикалық сайлауалды штабта сөйлеген сөзінен:

«ХАЛЫҚТЫҢ ҮШІНШІ СҰРАНЫСЫ – сапалы білім мен медицина. Бұл тарапта түйіні тарқамаған мәселе аз емес.«AMANAT» партиясы алдағы 5 жылда осы мәселелерді түбегейлі шешуді жоспарлап отыр. Сапалы білім мен озық медицина қолжетімді болады. Мұғалім мен дәрігер ең абыройлы, ең сыйлы мамандық иесіне айналады. Мектепке дейінгі балаларды 100 процент балабақшамен қамтимыз. Алдағы бес жылда апаттық және үш ауысымды мектептер, жатақхана мәселесі түбегейлі шешіледі»


19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай, «AMANAT» партиясының өңірдегі филиалында облыстық сайлауалды штабы ашылып, үгіт-насихат жұмыстары атқарылуда.

Атап өтсек, бүгін «Жастар рухы» жастар қанатының 755 белсендісінен құрылған топ Түркістан қаласындағы "Жаңа қала", "Отырар", "Бірлік" шағынаудандарында үгіт-насихат құралдарын таратты. Мұндай жұмыс өңірдің әрбір аудан, қалаларында да атқарылып жатыр.


«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың Республикалық сайлауалды штабта сөйлеген сөзінен:

«ХАЛЫҚТЫҢ БЕСІНШІ СҰРАНЫСЫ – ауылды түлету.

«AMANAT» партиясы ауылды түлетуге арналған бірқатар ірі жобаны іске асыруда.

Осы орайда «Ауыл аманаты» бағдарламасын бастап кеттік.

Жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында партияның «Жер аманаты» комиссиясы табанды жұмыс жүргізіп жатыр.

Осы уақытқа дейін 5 млн гектар жер қайтарылды.

Сонымен қатар, 2027 жылға дейін агроөнеркәсіп кешенінде 100 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Оның жалпы құны – 500 миллиард теңге.

Бес жылда ауыл инфрақұрылымын жаңарту үшін 1 трлн теңге жұмсалатын болады.

Партия бұл жұмысты қатаң бақылауда ұстайды.

Біз аграрлық саладағы субсидия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеміз.

Қазір әлем халқы азық-түлік дағдарысын бастан кешуде.

Қазақстанның 100 миллион адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.

Ең әуелі халқымыз 100 пайыз отандық өніммен қамтамасыз етілуі керек.

Бір сөзбен айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту – біздің стратегиялық мақсатымыз»


«AMANAT»: Республикалық штаб мүшелері білім саласының қызметкерлерімен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс саулауы бойынша «AMANAT» партиясынан құрылған Республикалық сайлауалды штабының өкілдері Түркістан қаласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған «Арман - M School» мектебінің ұжымымен кездесті.

Атап өтсек, бұл топта Дихан Қамзабекұлы, Оңайгүл Тұржан, Смағұл Елубай, Ұлықбек Есдәулет, Әділ Ахметов, Ұласбек Сәдібеков, Ғалымжан Елшібай, Біржан Байтуов сынды есімдері еліміз бен өңір жұртшылығына танымал оннан астам азамат бар.

Штаб мүшелері ең алдымен 900 орынға лайықталған, 90 қызметкер жұмыс істеп жатқан мектептің тыныс-тіршілігімен танысты. Содан соң, ұжыммен жүздесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

- Елімізде үлкен өзгеріс болғалы тұр. Ол - 19 наурызда өтетін сайлау. Сол сайлауда Мәжіліс пен мәслихатқа қандай кандидаттарды сайласақ, еліміздің келешегі де тура сондай болмақ. Яғни, ел тағдыры сайлаушылар, яғни сіздердің қолдарыңызда, - деді кездесуде сөз алған белгілі жазушы Смағұл Елубай.

Жиын барысында, Ұлықбек Есдәулет, Дихан Қамзабекұлы сынды сенімді өкілдер де сөз тізгінін алып, еліміздегі білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен бағдарламаларды атап өтті. Сондай-ақ, "Amanat” партиясының сайлауалды бағдарламасындағы бағыттармен, соның ішінде білім саласын дамытуға арналған жоспарлармен таныстырды.

Өз кезегінде, білім саласының өкілдері де көкейдегі ойларын ортаға салып, сұрақтарын қойды. Тиісінше, штаб мүшелері сауалдарға жауап беріп, азаматтарды 19 наурызда "Amanat” партиясына дауыс беруге шақырды.


«AMANAT»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«АMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабы Түркістан облысына келді. Штаб мүшелері 3 топқа бөлініп, партияның бағдарламасын таныстыру мақсатында елді мекендері аралауды бастады.

Ұласбек Сәдібеков, Есен Елеукен, Сәкен Майғазиев, Мақсат Толықбай, Максим Рожин бастаған топ Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Жаңа Ихан елді мекеніне барып, «Али-Нұр» жылыжай кешенінде жергілікті шаруалармен кездесті.

Жүздесуде саурандық шаруалар көмірдің тапшылығы мен экспортпен келетін азық-түліктің көптеп келуі жергілікті шаруалардың шығынға батыратынын жеткізді. Өз кезегінде штаб мүшесі Мақсат Толықбай ауыл шаруашылығы саласын өркендету жолында партияның бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ, кездесуде жайылым жердің көлемін ұлғайту, субсидияны алудың ашықтығы, шаруаларға арналған мемлекеттік қолдауларды көбейту жайы – партияның басты ұстанымдарының бірі екендігі айтылды.

Сондай-ақ, штаб өкілдері елімізде еңбек адамдарының мәртебесі мен табысын арттыруға ерекше көңіл бөлініп жатқанын, тиісінше «Amanat» партиясы да бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруға айрықша мән беретінін атап өтіп, азаматтарды «Amanat» партиясына дауыс беруге шақырды.


Жыл сайын 300 мәдени нысан салу және жаңғырту – AMANAT бағдарламасы

«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы өңірлерде сайлаушылармен кездесуді бастады. Штаб мүшелері бірінші Түркістан облысында болды.

Түркістанда зиялы қауыммен кездесу өтті. Жүздесуде партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан рухани құндылықтар мәселесіне, ұлттық мәдениет пен шығармашылық адамдарын қолдау жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.

«Халық үшін сіздерің ой-пікірлеріңіз ерекше маңызды. Сондықтан алғашқы кездесуді өздеріңізбен өткізіп отырмыз. Сіздер мемлекет пен қарапайым халық арасындағы алтын көпір іспетті әрдайым әділеттілік пен туралықтың жақтаушысы болып келесіздер. Қоғам тынысының тамырын тап басып, көптеген мәселе бойынша өз ойларыңызды ашық жеткізесіздер», - деді Республикалық сайлауалды штабтың басшысы Ерлан Қошанов.

Партия Төрағасы мәдениет қайраткерлерінің қоғамдағы ерекше беделін ескере отырып, «AMANAT»-тың партиялық тізімдерін жасау барысында шығармашылық адамдарын – белгілі айтыскерлерді, жазушыларды, журналистерді тізімге қосуға ерекше назар аударғанын атап өтті.

Партия жыл сайын үш жүз мәдениет нысанын салу және жаңғыртуды қамтамасыз етуді жоспарлап отырғаны айтылды. Оның ішінде театрлар, кітапханалар, коммуникациялық, білім беру және демалыс орталықтары бар. Мәдениет, мұрағат және кітапхана қызметкерлерінің жалақысы екі есеге арттырылады.

Партия Төрағасы мәдениет қайраткерлерінің қоғамдағы ерекше беделін ескере отырып, «AMANAT»-тың партиялық тізімдерін жасау барысында шығармашылық адамдарын – белгілі айтыскерлерді, жазушыларды, журналистерді тізімге қосуға ерекше назар аударғанын атап өтті.

Бұдан соң штаб мүшелері Кентауда қалалық ЖЭО-5 ұжымымен кездесті. 1952 жылы іске қосылған жылу энергетикалық торап бүгінде 14 мыңға жуық абонентті қамтамасыз етеді.

Партиялықтар еліміздегі ТКШ-инфрақұрылымын ауқымды жаңғыртуды қамтамасыз етуге ниетті екенін де атап өтті. Партияның сайлауалды бағдарламасында еңбек адамының мүдделеріне ерекше назар аударылып отыр.

Сондай-ақ, партиялықтар ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге барынша күш салады. Ауыл тұрғындарын маусымдық сел жүру қаупінен, су тасқынынан қорғау және гидротехникалық құрылыстар жүйесінде тәртіп орнату міндеті қойылып, нәтижеге жетуге ықпал етеді.



Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.