Америкалық Қазақстаннан асырап алған баласының туған анасын іздеп жатыр

0
1 085

Кристен Демшок кезінде Қазақстаннан екі қыз баланы асырап алған.


Америкалық Қазақстаннан асырап алған баласының туған анасын іздеп жатыр

ERNUR.KZ. Америкалық азамат Қазақстаннан асырап алған баласының туған әке-шешесін іздеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Айта кетсек таяуда Кристен Демшок атты америкалық азамат Facebooк-тегі «Kazakh American Association» тобында өзі асырап алған баласының анасын іздеп жүргенін хабарлаған еді. Ол кезінде Қазақстаннан екі қыз баланы асырап алған.


«Кіші қызымыздың анасымен байланыстамыз. Ал нөмірі өзгеріп кеткендіктен үлкен қызымыздың ата-анасымен қарым-қатынасты үзіп алдық. Мен мекенжайымды көрсете аламын. Сондай-ақ, сөйлесерлік аудармашыны да тауып беремін. Әйтсе де біз олардың нөмірін таппай отырмыз. Білуімізше Көктас деген алыс ауданда тұратын көрінеді. Оларды нөмірін тауып бере алатын адам бар ма? Қызымның жасы 17-де. Ол әке-шешесімен сөйлескісі келеді», - деп жазды Кристен Демшок.


Кристен осыдан екі жыл бұрын қыз баланың әке-шешесі бір рет сөйлескенін айтады. Келесі жылы Америкаға келіп, көрісуді де жоспарлаған.

Арада бірнеше күн өткеннен кейін танымал продюссер Нұртас Адамбай қыз баланың туыстары табылғанын жазды.


«Кристен Демшоктың өзі асырап алған баласының туған шешесі Шолпан Қанышкенқызын іздеп жүргені туралы жақында жазба жарияланған ежі. Біз оны таптық. Шолпанның нөмірі messenger-ге жолданды. Жауап бермегеніне қарағанда ол жекеге түскен хабарламаны оқымайтын болуы керек. Шолпан Қанышкенқызы қызының қоңырауын күтіп отыр», - деп жазады Нұртас Адамбай.