ERNUR.KZ. Самбо және дзюдодан әлем чемпионы Мәди Набиев Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында Төлеби ауданындағы №734 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Спортта биік белестерді бағындырған чемпион қоғамдық өмірде де азаматтық жауапкершіліктің маңызды екенін атап өтті.
«Түркістан облыстық мәслихаты - өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын орган. Сондықтан әрбір тұрғынның сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы маңызды. Барша жерлестерімді саяси науқанға бейжай қарамай, белсенділік танытуға шақырамын. Өңіріміздің болашағы үшін әр азаматтың дауысы маңызды», – деді Мәди Набиев.
Саяси науқан аясында Түркістан облысындағы 952 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастады. Төлеби ауданында жалпы 69 сайлау учаскесі мен 70768 сайлаушы бар. Барлық учаскелер толық жұмыс істеп тұр.


