Пәтерлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды.
ERNUR.KZ. Павлодарда пәтерден күштеп өлтірілген 66 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп жазады sputnik.kz.
Полицияның мәліметінше, Лермонтов көшесіндегі пәтерлердің бірінен әйелдің мәйіті табылды. Пәтер иесінің денесінде ұрып-соғу түріндегі күштеп өлтіру белгілері болған.
"Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ұлы қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазір оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.