Анкарадағы терактіден зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

0
188

Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына лаңкестік шабуыл жасалды.


Анкарадағы терактіден зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

фото:официальный аккаунт МИД Казахстана в Facebook

ERNUR.KZ. Анкарада болған лаңкестік шабуылдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек |Смадияров мәлім етті, деп жазады sputnik.kz.
Еске сала кетейік, Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына лаңкестік шабуыл жасалды.
Қарулы топ такси көлігімен келген. Олар автоматтармен, тапаншалармен қаруланған.
Анадолы агенттігі жариялаған соңғы мәліметтер бойынша, 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алған.
Бұған дейін Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдағаны хабарланған болатын.
Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды, деді Тоқаев.