Антикор Алматыда 2 миллиард теңгеге сатылымға қойылған зәулім үй туралы ақпаратты тексереді

0
272

Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Антикор" төрағасының бұрынғы орынбасарының әйелі Алматыдағы отбасылық үйді 2 миллиард теңгеден астамға сатылымға қойғаны туралы ақпарат пайда болған.


Антикор Алматыда 2 миллиард теңгеге сатылымға қойылған зәулім үй туралы ақпаратты тексереді

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 2 қазанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов агенттік басшысының бұрынғы орынбасарының отбасы Алматыдағы зәулім үйді 2 миллиард теңгеге сатып жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады zakon.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Антикор" төрағасының бұрынғы орынбасарының әйелі Алматыдағы отбасылық үйді 2 миллиард теңгеден астамға сатылымға қойғаны туралы ақпарат пайда болған.

Ұлан Сарқұлов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл ақпараттан хабардар екенін мәлімдеді.

"Бұл мәселемен тиісті бөлімшелер айналысып жатқанын да көрдік. Бұл жерде заңнамалық мәселелер бар екенін де түсінуіміз керек.Бұл мүлік жарияланса, соған сәйкес инвестицияланса, яғни біреу кәсіпкерлікпен айналысса (мемлекеттік қызметке келгенге дейін – ред. ескертпесі) жеке меншік құқығын да құрметтеуіміз керек", — деді ол.

Оның айтуынша, бұл мәселе зерттелетін болады.

"Енді кім болса да, қай қызметкер болса да, қай жерде жұмыс істесе де тәуелсіз баға беріледі", — деп түйіндеді Ұлан Сарқұлов.

Бұған дейін ол экс-Әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты пікірін айтқан болатын.