Араб қаржы ұйымы Қазақстанда әмбебап банк ашады

0
281

Abu Dhabi Commercial Bank бұған дейін исламдық қаржыландырумен айналысатын Al Hilal банкін ашқан болатын.


Араб қаржы ұйымы Қазақстанда әмбебап банк ашады

Photo : СС0 / edar

ERNUR.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі банкі Қазақстанда исламдық қаржыландырумен қатар дәстүрлі қызмет көрсетуге мүдделі. Бұл туралы қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Агенттік басшысының айтуынша, Біріккен Араб Әмірліктерінде Abu Dhabi Commercial Bank (ADCB) деген ірі банк бар. Активтері жағынан үшінші орында тұр. Осы қаржы ұйымы Қазақстанда исламдық қаржыландырумен айналысатын Al Hilal банкін ашқан.
"Енді олар әмбебап лицензия аламыз деп отыр. Осылайша, әмбебап операциялар жүргізетін банк ашатын ойы бар",-деді Әбілқасымова мәжілістің жалпы отырысында.
Бұдан бөлек, Оңтүстік Кореяның бір микроқаржы ұйымы Қазақстанда банк ашуға шешім қабылдады. Агенттік маусым айында рұқсатын берді. Ал Қатардың инвесторы Bereke bank-ті сатып алды.
Айта кетері, Al Hilal банкі бұрын исламдық ипотека берген. Қазір ондай қызметі жоқ. Банк тек кәсіпкерлермен жұмыс істейді.