Армения президенті Ваагн Хачатурян Қазақстанға ресми сапармен келеді

0
266


Армения президенті Ваагн Хачатурян Қазақстанға ресми сапармен келеді
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді, деп жазады sputnik.kz.
"Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады", — деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.