222 адам жер бетіне шығарылды, үш адамның мәйіті табылды.
ERNUR.KZ. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің аты-жөнін жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұған дейін хабарланғандай, 222 адам жер бетіне шығарылды, үш адамның мәйіті табылды.
«Үлкен өкінішпен, қайғымен мезгілсіз кеткен әріптестеріміз туралы хабар береміз:
1. Стешин Денис Геннадьевич, 1978 ж.т., 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Бургун Виктор Сергеевич, 1966 ж.т., 5 разрядты жерасты электр шебері, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюньков Виталий Владимирович, 1965 ж.т., жерасты электр шебері, еңбек өтілі 39 жыл;
Екі шахтерды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жасалып жатыр», - деп жазылған хабарламада.